«ҚИНАЛҒАНҒА КӨМЕК – ӘРКІМНІҢ БОРЫШЫ»

сәбиді құтқарған Мұхтар осылай дейді

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімі келісім-шарт қызметінің әскери қызметшісі, сержант Мұхтар Үрбісінов бір жастағы сәбидің өмірін сақтап қалған үшін арнайы марапатқа ие болды.

 

Бейбіт күннің батырын құттықтау мақсатында аталған әскери бөлімде салтанатты кеш өтті. Облыстың өзара әрекет етуші құрылымдары, әскери сала ардагерлері, бөлімнің жеке құрамы мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің қатысуымен өткен шарада  сержант М.Үрбісінов ҚР Ұлттық гвардия «Батыс» ӨҚ қолбасшысы, генерал майор Қ.Ақтановтың бұйрығымен адам құтқару кезінде сақтық, ерлік, іскерлік пен шешімді қадам жолында «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оны әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы Евгений Юдин табыстап,  ерге тән қасиет көрсеткені үшін алғыс айтты. Арнайы сыйлықты табыс етті.

Еске сала кетсек, қаңтар айының тоғызы күні сержант үй маңындағы дүкенде талып қалған кішкентай қызға көмектеспекші болып жатқан ер адамды көреді. Жасөспірімнің қызуы көтеріліп, сандырақтай бастайды. Осы сәтте сержант баланы тездетіп өз үйіне апарып, жұбайы екеуі жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетіп, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды.

Шараға қатысушы бір топ азаматтар кейіпкеріміздің ерлігіне тәнті болып, құттықтау лебіздерін білдірді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз