КЕМЕҢГЕРЛІК КӨКЖИЕГІ

Біз – көпті көрген, біраз оқиғаны бастан кешкен ұрпақтың өкіліміз. Айналаға көз тастап, өткенді ой елегінен өткізіп отырсақ, қай елде, қай мемлекетте болмасын, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тең келетін басшыны кездестіру мүмкін емес.

 

Өйткені, ол – сарабдал, салмақты, қандай мәселеге де өзіндік көзқарасы мен тұжырымы бар азамат. Оның ойы жүйрік, пікірі кесімді. Бәрінен бұрын ол туған елін жанындай жақсы көреді, халқының болашағын ойласа, түн ұйқысы төрт бөлінеді.

 Өзге елдер мансап пен байлықты көздеп, айналасындағы бейбіт елдердің берекесін алып жатқанда, біздің Елбасы соларға ақыл айтып, барынша оларды татулыққа, ынтымақ пен бірлікке, берік достыққа шақырумен жүр. Егер біздің де солардікіндей кемшін ойлайтын басшымыз болғанда, біз де  ұрыс-керіс пен жанжалдан, тіпті, Құдай бетін әрі етсін, соғыс пен қантөгістен көз ашпас едік. Ал, мұндай ел аз ба?!

Дана да көреген Елбасымыздың күні кеше жарияланған «Нұрлы Жолы» баршамыз үшін сара жол іспетті. Жаңа Жолдауда халық игілігі жолында қаншама міндет пен мақсат қойылып, тапсырмалар белгіленіп отыр десеңізші. Енді соларды жүзеге асыратын ниет пен құлшыныс қажет. Жолдау міндеттерін іске асырғанда жастардың баспаналы болуы жеңілдеп, елден елге қатынайтын жолдар да көбейеді. Бұл дегеніміз – жұмыс орындарының көбеюі, келешекке, алдағы өмірге деген сенімнің артуы.

Құрмет НҰРСАРИЕВ,

«Нұр Отан»

партиясының мүшесі,

ҚР ІІМ Құрметті ардагері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз