ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САНЫ ТОЛЫҒАДЫ

Жуық арада қазақстандықтардың саны 734 адамға дейін толығатын болады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды.

Ақпарат құралдары таратқан мәліметке қарағанда, Президент Жарлыққа қол қойғаннан кейін алыс және таяу шетелдерден келген түрлі ұлттың 734 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика жөніндегі комитеттің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1-ші қазан күнгі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 17 миллион 608 мың 220 адамды құрады. Бұл дерек еліміздің адам саны бойынша әлемде 64-ші орынды алатынын көрсетеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз