«КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ» – ЕСКЕРТКІШ МОНЕТА

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 13 қарашадан бастап «Қазақстанның фаунасы мен флорасы» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік «Каспий итбалығы» ескерткіш монетасының айналысқа шыққандығын хабарлайды.

«Қазақстанның фаунасы мен флорасы» сериясынан «Каспий итбалығы» ескерткіш монетасы – Ұлттық Банкі Атырау филиалының ұсынысымен жасалған үшінші монета. Жойылып кету қаупінде тұрған теңіз жануарларының бірі итбалық монетасының ортасында мұздақтардың арасында Каспий итбалығының күшігімен бірге және алтын жалатылған күн бейнесі бейнеленген.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 24 грамм, сопақша, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 5 мың дана. Монеталарды Ұлттық Банкінің Атырау филиалынан сатып алуға және анықтама үшін 32-84-95, 35-41-73 телефондары арқылы хабарласуға болады.

М.САҒЫНДЫҚОВА,
ҚР ҰБ Атырау филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс
және кассалық операциялар бөлімінің бастығы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз