«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы» конкурсының қатысушысы – АСЛАН Зайна Асқарқызы

img055 Қоғам

Atr. kz / 15 – ақпан.  Зайна  Асқарқызы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы, Атырау қаласының тұрғыны.

burym
Зайна Асқарқызы
  • Мен 2006 жылы 1 қазанда Атырау қаласы Ақсай елді мекенінде дүниеге келдім.  Бүгінде Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте жетінші сыныпта оқимын. Бірінші сыныпта оқып жүрген кезімде «Атырау» газеті ұйымдастырған осынау конкурсқа қатысқан едім. Бұл кезде бұрымымның ұзындығы 70 см болды. Бүгінде араға жеті жыл уақыт салып, байқауға тағы қатысып отырмын.
  • Негізінен қыз баланың көркі шашында ғой. Бұған баса мән берген менің анам Сәуле  шашымды бала күнімнен бастап қимай,  өсірді. Бүгінде бұрымымның ұзындығы – 96 см.
  • Шашымның тазалығына ерекше назар аударамын. Оны аптасына екі немесе үш рет жуамын. Құрамында еш зиянды заттары жоқ арнайы сусабынды қолданамын. Шашымды ешқашан қысқартып қиған емеспін. Жуған кезде ұзындығы еш қиындық тудырмайды. Шашымның ұзындығына сүйсіне отырып, тараймын, кептіремін, күтемін.  Өзім Томарлы саз мектебінің би үйірмесінің төртінші жылында оқимын. Маған сахнада  мың бұрала билеген кезде бұрымымды әдемілеп өрген ерекше ұнайды.
  • Мен барлық уақытта қазақ қыздарының ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтап, ибалы, инабатты, мәдениетті, білімді, өнерлі болғанын қалаймын.  Сонымен қатар,  әрбір қаракөздеріміздің бұрымы ұзын болса екен.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Бибигуль

    Өте тамаша, әр қазақ қызының бұрымдары осындай ұзын болса ғой. Заина саған сәттілік тілеймін, тек алға!

  2. Ляззат

    Біздің мектебіміздің атынан шыққан бұрымды сіңілім сәттілік тілеймін жүлделі орынға ие бол