«КҮЗГІ КРОСС» ЖҮЛДЕСІ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА

Сенбі күні Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы 1999-2000 және 2001-2002 жылдары туылған оқушылар арасында «Күзгі кросс» жеңіл атлетикадан облыстық біріншілік ұйымдастырды. Жарысқа мектеп және колледждердің 143 оқушысы қатысты. Атап айтсақ, олардың ішінде 90-ы ұл және 53-і қыз бала.

Дода нәтижесінде шапшаңдығымен, ептілігімен көзге түскен қызылқоғалық жеңіл атлеттер І орынды қанжығаларына байлады. Олар – Жеңісбек Шәріп, Әдемі Шамидолла, Айдос Есбергенов және Әсемгүл Сабыр. Ал, ІІ орын индер-ліктер Жалғас Қиратовқа, Екатерина Ларионоваға, Мұратбек Жанғазиевке және Атырау қаласындағы Амангелді орта мектебінің оқушысы Әйгерім Хамитоваға бұйырды. Ал, Әмірхан Асан, Ернұр Шәріп (Қызылқоға ауданы) және Айдана Сапидолла, Жансая Қабақ (Атырау қаласы) қола жүлдеге қол жеткізді.

Облыстық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз