
Инклюзивті «Талшын» театры «Махаббат әлемді құтқарады» атты концерттік бағдарламасын ұсынды
2023 жылы ашылған бұл театр 250-дей ерекше адамды сахнаға шығарған. Олардың басты мақсаты — мүмкіндіктің шектеусіз екенін көрсету, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа концерттік жобаның ерекшелігі Құрманғазы ауданынан келген өнерпаз бен егіздердің сахналық қойылымы болды. Сонымен қатар Құлсарыдан келген шеберлердің қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, сатылымға шығарылды.

⁃ Бағдарлама атауының махаббат туралы болуы да бекер емес. Қиын сәтте махаббат барлығымызды сол сәттен алып шықты. Ол ата-анаңа, балаларыңа деген махаббат болатын, — деді «Талшын» инклюзивті театрының белсенді мүшесі Есболат Балбаев.
Театр бүгінде тек шығармашылық алаң емес. Атырау қаласында қазір төрт бағыт бойынша тегін үйірмелер жұмыс істейді: арт-терапия, хореография, вокал және театр. Ал Құлсарылықтар вокал, би және қолөнер үйірмелеріне қатыса алады.

