Жарнама
Қоғам

«Инклюзия Болашақ Атырау» бірлестігі республикалық марапатқа ие болды

Республика күні қарсаңында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлығының лауреаты атанып, «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды.

749232d2 6492 4cbe ba25 8dda04db6f20

Бұл марапат – инклюзияны дамыту, білім беру, ғылым, ақпарат және спорт салаларындағы мақсаттарға жетудегі еңбектің жоғары бағалануы.

«Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әнуар Бегісбаевтың айтуынша, бұл жетістік – командалық бірліктің, отбасылық қолдаудың және қоғамның сенімінің нәтижесі.

— 2021 жылы осы сыйлықты апам Арайлым Бағытжанқызы иеленген еді. Биыл сол жетістікті екінші рет қайталау – біз үшін ерекше мақтаныш. Бұл – өмірден ерте өтіп кеткен жездем мен апам бастаған игі істің туын жықпай, “Зейін-Атырау” мен “Belyes” ұжымдарымен бірге жұмысты абыроймен жалғастыруымыздың көрінісі. Марапат Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан табысталды, — дейді Әнуар Бегісбаев.

Ол сондай-ақ “Зейін-Атырау” ерекше балаларды дамыту орталығының мамандарына, “Belyes” инклюзивті кофеханасының ұжымына, сондай-ақ барша әріптестеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Инклюзия Болашақ Атырау» бірлестігі ерекше балаларды әлеуметтендіру мен қоғам өміріне толық қатыстыру бағытында тұрақты түрде жобалар жүзеге асырып келеді.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button