ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСЕДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Халықаралық ұйым ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясын құру туралы келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан 2010 жылы Лаксенбургта (Австрия Республикасы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, дербес даярлау, ғылыми-зерттеулер саласында үздік тәжірибе орталығының функцияларын орындайтын халықаралық ұйым ретінде құрылған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз