ЕЛБАСЫНА ЕЛІКТЕГЕН БАЛА

Нұрсұлтан Нұрсейіт – облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 9 «б» сынып оқушысы. 2001 жылы 25 сәуірде дүниеге келген.

 

Оның есімін атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұхамбетқали Сұлтанғалиев қойыпты. «Немерем өскенде Президент сияқты білімді, еңбексүйгіш, намысты азамат болып ержетсін» деп ырымдапты. Нұрсұлтанның әкесі Бауыржан – мұнайшы, анасы Фариза – мұғалім.

Ол бала кезінде Елбасы сияқты ұшқыш болуды армандапты. Қазір есейді. Бірақ, балаң арманы көңілінде ескірмес естелік болып қалары анық. «Өскенде тәуелсіз елімізге қызмет етер үздік маман болғым келеді» дейді Нұрсұлтан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз