Жарнама
Қоғам

Ел бірлігі мен келісімі – Тәуелсіздіктің басты құндылығы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Атырау қаласында «Светоч Атырау» славян этномәдени бірлестігінің «Өз үйіміздің шаңырағы астында» атты есептік концерт-көрмесі ұйымдастырылды.

img 5067

Іс-шара Қазақстандағы бейбітшілік, келісім және этносаралық татулықтың жарқын көрінісі ретінде өтіп, ел тәуелсіздігінің басты құндылықтарының бірі – түрлі этностардың мәдениетін сақтап, дамытуға мүмкіндік беретін ортақ шаңырақ идеясын айқындады.

Көрме барысында тұрмыстық бұйымдар, қолөнер туындылары, ұлттық киімдер, символдар мен өрнектер арқылы славян халқының бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтары кеңінен таныстырылды. Ұсынылған экспонаттардың 80 пайызға жуығы бірлестік мүшелерінің өз қолымен жасалған еңбектер болды.

Кештің концерттік бағдарламасы славян этносының бірегей болмысын айшықтайтын «Мы славяне» әнімен ашылды. Ән мен би, сахналық қойылымдар арқылы Қазақстанда тұратын славян қауымының ұлттық дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктері көрерменге ұсынылды.

img 5068

Іс-шара барысында «Светоч Атырау» славян этномәдени бірлестігінің жыл бойы атқарған жұмыстары таныстырылып, жүзеге асырылған мәдени-ағартушылық жобалар мен бастамалар қорытындыланды. Ұйым өкілдері Тәуелсіз Қазақстанда этномәдени бірлестіктерге жасалып отырған қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Аталған есептік концерт-көрме Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан бірлік пен келісімнің, ортақ Отанға деген құрмет пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button