ЕКІ ЖОЛДАМАНЫ ЕНШІЛЕДІК

ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубына қарасты топтың спортшысы, былғары қолғап шебері аға сержант Біржан Жақыпов Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды.

 

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Гуйян (Қытай) қаласында өткен жарыста эквадорлық былғары қолғап шебері Карлос Пилатаксиді жеңіп, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Шешуші жекпе-жек 2:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. 

«Жеңісті қолдан бергім келмеді, еліміздің және біздің әскердің менімен мақтанғанын қаладым. Бұл жеңіс ұзақ, әрі қажырлы жаттығулар мен Қазақстан Республикасы құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың пайдалы тәлімінің нәтижесінде келді», – дейді спортшы. 

Біржан Жақыпов – бокстан әлем чемпионы,  2005 жылғы әлем чемпионатының және 2008 жылғы әлем кубогінің қола жүлдегері, Азия ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері, Бейжіңде және Лондонда өткен олимпиада ойындарына  қатысушысы.

Бұрын ҚР ҚМ орталық спорт клубының капитаны, жеңіл атлет Ольга Рыпакова Шанхайда өткен Diamond Leauge (Брилиантты лига) жарысының екінші кезеңінде қола медаль иеленді. Жарыстағы жеңісі спортшыға бұл жолы да Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдамамен қамтамасыз етті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз