«ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Атырау қаласында «Достықтың алтын көпірі» атты шара өтті.

 

№1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шараға этномәдени бірлестік өкілдері жиналды.

Кеш Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы  Құрманғазының  «Сарыарқа» күйімен ашылды. Одан әрі «Татулық» татар-башқұрт, «Иверия» грузин, «Былина» орыс,  «Тхоньил» кәріс мәдени орталықтары өз ұлттық өнерлерін көрсетіп, жұртшылықты тәнті етті.

Кеш барысында Атырау қаласындағы «Амангелді» селолық халық театрының режиссері Ерлан Қамзаев пен №8 орта мектебінің оқушысы Р.Файзуллин жасы жүзге жеткен Әнет баба мен бала Төле бидің рөлін сомдады. Ел бірлігін насихаттайтын сахналық қойылым көрсетті. Мектеп оқушылары мен студенттер қазақ ақындарының достық туралы шығармаларынан  үзінділер оқыды. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз