Дауды шешудің дара жолы

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінің ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.

Кәсіби емес медиаторлардың теориялық білімді игеруін және тәжірибелік шеберліктерін арттыру мақсатындағы шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің, аудан әкімдіктерінің өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобы қатысты.

Семинарды Батыс Қазақстандық медиация және келісім үрдісі орталығының тренерлері Гүлмайдан Оразбаева мен Әлия Күртаева жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиында ұлтаралық келіспеушіліктерді, дауларды реттеуді оқытуға жоспарланған жаттығулар, ойындар ұйымдастырылды.

Түрлі шиеленістерге қатысты талдау жүргізіліп, Қазақстандағы және шет елдердегі халықаралық кәсіби емес медиаторлар институтының қызметтеріне шолу жасалды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз