ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамымен таныстық. Бұл – ел дамуының басты деген 100 мәселесі. Оның қай-қайсысы да Қазақстанымыздың одан бері гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне үлкен жол ашпақ.

Бар саналы ғұмырымды бала оқытуға арнаған мен осы 100 қадамның бәрі де қажет,  әрі терең ойластырылып жасаған іс дер едім. Ардагер ұстаз ретінде «Мәңгілік Ел» және «Нұрлы болашақ» ұлттық жобалары идеяларын орта мектептер оқушыларының бойына берік сіңіру ерекше маңызды дегім келеді. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі үлкен азамат мәңгілік ел құндылықтарын бала күнінен санасына құйып өсуі керек. Сонда ғана ол туған елі мен халқының қадірін біліп, оларға деген өзінің перзенттік парызын өтеуге ұмтылатын болады.

Сондай-ақ, «100 қадамда» мемлекеттік қызметкерлер этикасы, сот, ішкі істер органдарының қызметі, жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтардың арыздарын қарау жұмысы, жер телімдерін мақсатты пайдалану, жаңа Еңбек кодексі, жастарға сапалы білім беру жайлары өте жақсы айтылған. Елбасымыз бұл мәселелерді жайдан-жай көтеріп отырған жоқ. Қай облыста, қай ауданда болмасын, қайсыбір мемлекеттік қызметкерлер мәдениетінің төмендігі, жемқорлықпен байланысы жайлы мысалдар аз айтылмауда. Ол аз болса, тиісті орындарға өз арыз-шағымымен баратын азаматтардың проблемалары аяқасты қалып қоятыны, дер кезінде шешілмейтіні тағы бар. Ендеше, осының бәрін жолға қояр шақ жетті.

Сәбила ЖҰМАЕВА, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз