БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ

Өскемен қаласында қазақ күресінен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен V халықаралық ойындарында да атыраулық палуандар топ жарды.  

 

Бұған дейін де жауырыны жерге тимеген жерлесіміз Сұңғат Закарияев осы жолы да алтын жүлдені қанжығасына байласа, Наурызбек Майлашев пен Мұрат Дошахаев күміс және қола жүлделерді еншіледі. Ал, Шынболат Хасанов пен Айзада Мұхитова да жекпе-жектерін өз деңгейінде өткізіп, алғашқы бестік қатарынан көрінді.

– Жарыс үлкен деңгейде ұйымдастырылған. Еліміздің барлық аймағынан 160-ге тарта палуан бақ сынасты. Сұңғат ақтық айқаста боз кілем иесі өскемендік Эльдар Заріпхановтың осал тұсын тауып, таза жеңіске жетті. Айта кетсек, Эльдар өте мықты ойыншы болатын. Осы уақытқа дейін ол дзюдодан ел құрамасы сапында 73 келі салмақ дәрежеде алғашқы орында келген, – дейді палуандарды дайындаған қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы А.Серғазиев. 

Топтаманы дайындаған Айгүл ЕРТІЛЕУ. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз