«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫНА» – БЕРІК БОЛЖАМ

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Еуроодақтың энерготиімді технологиялар қолданудағы тәжірибесін зерделеуде. 3 қарашада Берлинде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «жасыл» технологияларды қолдану тәжірибесін жетекші еуропалық елдермен алмасуға бағытталған «Энерготиімді өмір салты» «дөңгелек үстелін» өткізді. Берлин энерготиімділікті арттыру мәселелеріндегі көшбасшы-қалалардың бірі болып табылады, сондықтан Германия елордасының осы мәселедегі тәжірибесі Қазақстан үшін ерекше қызықты.

Іс-шараның басты мақсаты – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын және оның «Энерготиімді өмір салты» тақырыпшаларын талқылау. Ол энергия пайдаланудағы сапалы жақсартуларды, атап айтқанда, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін неғұрлым аз энергия көлемін тұтынуды білдіреді.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері, жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ Marjan Colletti (Ұлыбритания), Elvira Ockel (Германия), Giovanna Rossato (Италия), Andre Schmidt (Германия), Marco Poletto (Ұлыбритания), Әсия Нұрдыбаева сияқты «жасыл» технологиялармен және шешімдермен айналысатын белгілі сәулетшілер қатысты.

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов кіріспе сөз сөйледі. Содан соң «Болашақ энергиясы: басты тенденциялар, шақырулар және келешек» панельді сессиясы барысында қатысушылар энерготиімділіктің жаһандық және өңірлік деңгейлерде дамуының алғышарттарын, мінез-құлық стереотиптерінің өзгеруін және энерготиімді өмір салтының қалыптасуын талқылады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Мазмұн және көрмеден кейінгі пайдалану департаменті директорының орынбасары Эльмира Ермекова Астанадағы Халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысы туралы айтып берді.

 «Тұрақты қалалық жоспарлау, «жасыл» тәжірибелер мен бастамалар» панельді сессиясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар тұрақты қала құрылысының басты элементтерін, энерготиімді дизайнды және жаңартылмалы технологиялар ендіруді, сондай-ақ «жасыл» жобалау әдістерін және экотұрақты кеңістікті ұйымдастыру қағидаларын ұсынды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Сәулет департаментінің бас менеджері Зәуре Айтаева Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес, ЭКСПО-2017 шеңберінде Астанада сынақтық энерготиімді шараларды іске асыру туралы айтып берді.

«Инновациялық шешімдер» панельді сессиясы барысында семинарға қатысушылар адам өмірінің келешекті дамуының модельдерін, жетекші зерттеу институттарымен тұрақты дамудың сәулет тұжырымдамаларын шығаруды талқылады, сондай-ақ, ұсынылған инновацияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін бағалады.

Конференциялар, жыл сайынғы халықаралық форумдар, «дөңгелек үстелдер» және ЭКСПО-2017 көрмесіне дейінгі кезеңнің басқа да іс-шаралары «Болашақ энергиясы» тақырыбын дамытуға және тереңдетуге, заманауи тенденцияларды байқауға және энерготиімді болашақтың «сценарийлерін» болжауға мүмкіндік береді.

ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылы 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100 ел, кемінде 10 халықаралық ұйым, инновациялық технологиялардағы 10 көшбасшы-компания қатысатыны жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, көрмеге 5 миллионға жуық келіп-кетулер және 2 миллионнан астам келушілер күтілуде.

 

   Қосымша ақпарат алу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз-қызметіне жүгініңіз:

тел.: +7(7172) 919463

e-mail: pressa@expo2017astana.com

www.expo2017astana.com

 

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз