БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ ДА ОСЫ!..

Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында Елбасының «Нұрлы  Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды.

 

Басқарма қызметкерлері Елбасының халыққа Жолдауын басшылыққа алып, жұмыс жасайтындықтарын жеткізіп, «Біздің жетістіктеріміз бен дамудың қазақстандық үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс. Біз дамыған экономикасы мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіншіліктері бар күшті мемлекет негізіндегі берекелі қоғам құруға тиіспіз», деген ойларын ортаға салды.

Шараны қорытындылаған басқарма басшысының орынбасары, майор Е.Жазбаев Жолдауды іске асыруға үлкен жауапкершілікпен қарайтындарына сендірді.

– Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы – қай жағынан алып қарасаңыз да өлшеп, пішілген, таразыланған бағдарламалық құжат. Бұл – қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты істердің жол нұсқаушысы. Жолдауға арқау болған мәселелер, белгіленген барлық бағыттар күнделікті өмір қажеттілігінен туындағаны сөзсіз. Мемлекет басшысы халықты этносаралық келісімді сақтауға, достық пен бейбітшілікті бағалауға шақырып отыр. Елбасымыздың мықты экономика мен толерантты қоғам құруымыз қажет деген бастауын біздің басқарма ұжымы толық қолдайды. Инфраструктураларды дамытуға бағытталған жоспарлар бізді қуанта түседі, – деген ол айтылған сөздің атқарылған іспен сәйкес келуі тиістігін қадап айтты.

Айгүл ҚАДРЕШОВА,

басқарма басшысының көмекшісі.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз