БІЗ СІЗДЕРГЕ СЕНЕМІЗ!

Соңғы жылдары  сырқаттанып, дәрігерлердің алдына жиі баратын болып жүрмін. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Түрікменбай Нұржігітовке барып, науқасыма байланысты көмек сұрап отырамын. Қашан барсам да, ілтипатпен қарсы алып, емделуіме қол ұшын береді. Сондай-ақ,  Басаролла Харасов та – ел алғысына бөленіп жүрген ақ желеңді дәрігердің бірі. Ол шипалы емі, жылы сөзімен ауруыңнан айықтырып жібереді десем, артық айтқандық емес. Сол сияқты №1 қалалық емхана дәрігері Жанна Шалабаева мен мейірбике Айгүл Жолдыбаева да алдына барған кезде қанатымен су сепкен қарлығаштай қорған болып жүргендері. Осы есімдері аталған ақ желеңді абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қашан да халықтың шынайы алғысына  бөлене  беріңіздер деген тілегімді айтқым келеді.

 

Құрмет НҰРСАРИЕВ,

ішкі істер қызметінің құрметті  ардагері, «Нұр Отан» партиясының  мүшесі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз