«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН – ТАТУ ЕЛ»

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыстық бұйымдарынан тұратын «Бірлігі жарасқан – тату ел» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде Ассамблея шаңырағының астына жиылған түрлі ұлт өкілдерінің тыныс-тіршілігінен хабардар ететін этно жәдігерлер насихатталды. Оның ішінде әр жылдар мұражайға тапсырылған «Довира» украин этномәдени бірлестігінің пәле-жаладан сақтайтын ұлттық және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдері болды. Өзге де корей, орыс, ұйғыр, татар халықтарының тұтынатын бұйымдары мен ұлттық киімдері де көрініс тапты. Көрмеге ұлтымыздың тұрмыстық бұйымдары саба мен ұлттық сусындарымызды құятын ыдыстар, мәдени өмірінен сыр шертетін фотосуреттер қойылды.

Самал МОЛДАШЕВА,

Атырау облысы

тарихи-өлкетану

мұражайының

бөлім меңгерушісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз