«Бейбарыстың» сүреңсіз ойындары

y Қоғам

Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің үш дүркін чемпионы Атыраудың «Бейбарыс» командасы соңғы кездесулерінде жеңілістен көз ашпай қойды.

y-nArxzqlnA

 Александр Истоминнің шәкірттері  алдымен Көкшетауда өткен маусымдағы алтын жүлдегер «Арлан» хоккейшілеріне екі кездесуде де есе жіберді. Есеп ­– 3:0 және 2:0.

Ал, желтоқсанның  3-4 күндері  турнир кестесінің сегізінші сатысында келе жатқан «Теміртау» командасымен кездесті. Айдын иелерінің тегеурінді шабуылдарына еш қарсылық көрсете алмаған «Бейбарыс» хоккейшілері алғашқы ойында өз қақпасына жауапсыз алты шайба жіберіп алса, келесі күні де теміртаулықтар 5:1 есебімен басымдылық танытты.

Біріншілік көшін 68 ұпай жинаған көкшетаулықтар бастауда. Одан кейінгі орындарда әрқайсысы 60 ұпайға ие болған Өскеменнің «Алтай-Торпедо» мен Павлодардың «Ертііс» командалары келеді. Атыраулық хоккейшілердің еншісінде 55 ұпай бар.

«Бейбарыс» келесі кездесулерін  9-10 желтоқсанда өз айдынында «Астана» клубын қабылдайды.

 

                                                                                  Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз