БЕРЕКЕ МЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ҚАЙНАРЫ

Отбасы күніне орай қаладағы №4 емхананың бөлім қызметкерлері арасында «Ұжымым –  екінші отбасым» атты шара өтті. Оның мақсаты – ұжымдастардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру. Сөйтіп,  салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, олардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. 

Рас, адамның бүкіл өмірі отбасынан бастау алып, оның жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің қайнар көзі. Соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Ал, отбасының дәулеттілігі мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі іспетті. Бәрімізге белгілі, адамның өз отбасынан басқа жанына жақын, көп уақытын өткізетін жері – өзі еңбек ететін ұжымы.  Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні де, біле білсек, нақ осы жерде қалыптасады. Сондықтан, отбасы мерекесі күні ұжым қызметкерлері арасында осындай шараның өткізілуінің мәні зор еді.

«Ұжымым– екінші отбасым» атты спорттық эстафеталық сайыс барысында  медицина саласына зор еңбек сіңірген дәрігерлер әулеттері – құрметті қонақтар, №4 емхана басшысының орынбасары З.Бостубаева, емхананың дәрігер-рентгенологы Н.Ақпановтар үлгілі шаңырақ иелері ретінде ұжымға таныстырылды. Өз кезегінде тәжірибелі дәрігерлер қызығы мен шыжығы мол медицина қызметіне келу жолдарын, отыз жылдық еңбектерінің жемісі туралы баяндады. Шара соңында қонақтарға үлкен құрмет көрсетілді.

Қ.ТӘМПИЕВА,

психолог.     

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз