Бекшин қалталы азаматтар барына өкініш білдірді

og og 1449562598252789311 Қоғам

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері алматылықтардың коронавирус пандемиясы кезінде шетелде демалуға қаражаты барына өкініш білдірді. Ол демалыстан оралғандар ақша үнемдеу үшін ПТР-тест тапсырмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшиннен «Неліктен кейбір қала тұрғыны ПТР анықтамасыз Алматыға ұшып келеді?» деген сұрақ қойылды.

«Өкінішке қарай, азаматтарымыздың бір бөлігінде шетелде демалуға қаражаты бар. Оралғандардың шамамен 90 пайызы алдын ала тексеруден өтеді. Олардың белгілі бір бөлігі үнемдеуге тырысады. Мемлекет оларды тегін көлікпен, қонақүймен қамтамасыз етеді, тегін тестілеу жүргізеді, тамақтандырады. Біз бес жұлдызды қонақүйлерді ұсына алмаймыз. Олар сынама тапсырмағандықтан, жолаушыларға, қала тұрғындарына қауіп төндіретінін түсінуі керек», – деді Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, пандемия басталғалы бері 13 мыңнан аса қала тұрғыны Алматыға ПТР анықтамасыз келген. Сондай-ақ, ол анықтамасыз келген бір туриске жұмсалатын соманы атады.

«Олардың ішінде 85 азаматтың тестілеуі оң нәтиже көрсеткен. Олардың көбі Түркиядан – 30 адам, Мысыр мен БАӘ-ден – 23 адам келген. Бәрі ауруханаға жатқызылды. Жалпы айтқанда бір ПТР-тест қазір 8 025 теңге тұрады, 6 000 теңге қонақүй, тамақтану, медициналық қызмет, жол ақысы – тағы 4 500 теңге. Халқы үшін осындай жеңілдіктер мен қамқорлық көрсете алмайтын мемлекеттер де бар», – деді бас дәрігер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз