«БАТЫС БАРЫСЫ» КІМ?

Жуырда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында «Батыс барысы» сайысы өткізілген болатын.

Жарыс қорытындысымен жалпыкомандалық есеп бойынша атыраулық команда II орынды еншіледі. Командада өнер көрсеткен Шынболат Хасанов, Нұрболат Ыстыбаев, Табиғат Мағауияұлы, Наурызбек Өтеуов және Кенжебек Күзембаевтар белсенді ойын үлгісін көрсете білді.

– Ақтық айқаста төрешілердің қателігінен қарсыласқа есе жіберіп, 2:3 есебімен ұтылғанымыз болмаса, ойынның жалпы барысы өзімізге ұнады. Бетке ұстар спортшыларымыздың тыңғылықты дайындығы – жаттықтырушылар Аманбай Қыздарбаев, Азамат Сағынғанов, Қуаныш Сүлейменовтердің еңбегі, – дейді бапкер Айбек Серғазиев.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз