БАСЫЛЫМ ТАРАТУДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы  мемлекеттік мекемесі облыс тұрғындары үшін Атырау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу қызметін көрсететін облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарты мен регламентіне сәйкес аталған мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылған, яғни екі формада – электронды және қағаз түрінде жүргізіледі.

«Атырау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік  қызметібіздің облысымыздың аумағында шетелдік мерзімді басылымдарды (тұрақты атауы, кезекті сандары бар айына бір реттен кем шықпайтын газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшаларын) тарататын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын таратушылар – негізінен «Қазпошта» АҚ құрылымдары, сауда мекемелері, жеке кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдармен бекітілген жерлерде орналасқан киоскілер мен сауда нүктелерінде сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар. Ішкі саясат басқармасының мөрімен куәландырылған облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөзбасылымдарды есепке алу туралы анықтамасыз шетелдік басылымдарды тарату Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұзған болып есептеледі.

Облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөзбасылымдарын есепке алу туралы анықтама берілген күннен бастап бір жылға жарамды, яғни жылма-жыл міндетті түрде ауыстырылып, жаңаланып отыруы қажет.

«Атырау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөзбасылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) немесе www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы арқылы тегін жүргізіледі. ХҚКО жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, ал портал желісі бойынша (жөндеу жұмыстары өткізілуіне байланысты үзілістер болмаса) 24 сағат жұмыс жайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ХҚКО арқылы алған жағдайда қызметті алушы бекітілген үлгі бойынша баспа өнімінің атын, таратылу аумағын, тілін, тақырыптық бағытын, шығу мерзімі мен аумақта қанша данасы таратылатынын көрсете отырып, өтініш толтырып тапсырады. Осы үдерістер кезінде өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі міндетті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу үшін қызмет алушының электронды санды қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Жоғарыда көрсетілген формада қажетті мәліметтерді қоса отырып, өтініш беруші құжаттарын өз ЭСҚ куәландырып электронды түрде жолдайды.

Қызмет алушы құжаттарын ХҚКО арқылы тапсырғанда оған тиісті құжаттар қабылданғаны жөнінде қолхат беріледі. Облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы уәкілетті органмен куәландырылып мөрі соғылған анықтама қызмет алушыға берілген қолхат негізінде жеке куәлігін көрсету немесе оның өкілі нотариуспен куәландырылған сенімхат арқылы ХҚКО беріледі.

Веб-портал арқылы тапсырған жағдайда қызмет алушының «жеке кабинетіне» датасы мен мемлекеттік қызмет көрсетудің қабылданған нәтижесі көрсетілген мемлекеттік қызмет беруге өтінімнің қабылданғаны туралы  ескерту хат жіберіледі.

«Облыс, республикалық маңызы бар қала аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартына сәйкес құжаттар пакеті басқармаға келіп түскен күннен бастап (құжаттарды ХҚКО қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енбейді) 10 жұмыс күні  ішінде қызмет көрсетілуі тиіс.

2014 жылы Ішкі саясат басқармасымен 8 анықтама беріліп, бір өтініш берушіге шетелдік баспасөз басылымын тарату аумағы нақты көрсетілмеуіне (Атырау облысының орнына Қазақстан Республикасы аумағы деп көрсетілген) байланысты анықтама беруден бас тартылды. Жалпы алғанда қызмет көрсетулердің барлығы өз уақытында жүргізіліп, ҚР Заңнамалары талаптарының бұзылуы болған жоқ.

Енді жаңа қаржы жылының  басталуына байланысты жаңа анықтама алу үшін  құжаттар пакетін дайындап, Атырау облысы ішкі саясат басқармасына тапсыру қажеттігін барлық әлеуетті қызмет алушылардың есіне саламыз. Бұл сіздердің ҚР заңнамалық талаптарын сақтауға және жұмыс жасауыңызға қолайлы жағдай туғызатынын қаперлейміз.

Әсия Қыстаубаева,

облыстық ішкі саясат

басқармасының басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз