
Басты мақсат – қауіпсіз ортаны қалыптастыру
Қазақстан халық партиясы Атырау облыстық филиалында өткен дөңгелек үстел қоғамдық маңызы жоғары мәселеге арналды. Онда таяуда қалада жүргізілген көшені жарықтандыру мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты қоғамдық мониторингтің қорытындылары тыңдалып, талқыланды.

Басқосуға Атырау қалалық полиция басқармасының, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері, қоғам белсенділері мен партия мүшелері қатысты.

Олардың назарына мониторинг барысында анықталған кемшіліктер, оларды түзету бағытында қолға алынуға тиісті шаралар ұсынылды. Қоғамдық тәртіптің сақталуына бірінші кезекте жауапты учаскелік полиция инспекторларының жедел әрекетін қамтамасыз ету, тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайта отырып, жұртшылықтың сенімін қалыптастыру қажеттігін алға тартты.

Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын бірлескен іс-шаралардың жоспары бекітілді.
Дәулетқали АРУЕВ,
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ



