БАНКИРЛЕР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА…

Қараша айының 15-інде аталып өтетін Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және Ұлттық валюта – Теңге күніне орай «Атырау» спорт кешенінде облысымыздың екінші деңгейдегі банк филиалдары арасында спартакиада ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы ұйымдастырған спартакиада спорттың төрт түрі – минифутбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі бойынша өтті. Жарысқа ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы мен екінші деңгейдегі банк филиалдарының командалары қатысты. Ойын нәтижесінде минифутболдан Қазақстан Халық жинақ банкі филиалы - І, Kaspi Bank филиалы - ІІ, ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы - ІІІ орындарға ие болды. Минифутбол  қорытындысында М.Сағызбаев, волейболдан А.Напихова үздік ойыншылар атанып, арнайы сыйлықтар иеленді.

 

А.Сағынтайұлы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз