БАЛАНЫҢ САУЛЫҒЫ – БƏРІНЕН ҚЫМБАТ

Осынау аты жаман ауру дүние жүзін шарлағалы бері бала өсіріп отырған барша ата-анада ес болмады. Олар өздері ауырып жүрсе де: «Жаратқан ием, бала-шағама жар бола гөр. Ауру-сырқаудан аман сақташы!» – деп жалбарынумен болды. Мен де сондай анамын. Жеті ұл-қызды өмірге əкелдім. Қазіргі күнде əкелері Исатай мен ата-əжесі – бəріміздің жанымыз солардың үстінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин шарасын біртіндеп ұлғайту, елдегі сақтық шараларын ұстану жөніндегі тапсырмаларымен толық келісемін. Өйткені, ауырмай аман-сау жүргеніміз өзімізге жақсы. Тағы бір көңілге медеу болары – облыс басшыларының көмекке жан-жақтан дəрігер шақыртып, жетпей жатқан қажетті дəрі-дəрмекпен толық қамтуы. Қазір, байқағанымыздай, арамызға алшаң басып кірген кесір кесел айылын сəл де болса жиған секілді.

Аллаға шүкір, осылайша біртіндеп-біртіндеп қалыпты тірлікке де енерміз, жарқын күндерімізге де жетерміз. Тек бəріміз ауызбірлікте болайық. Көп біріксе, алынбайтын асу, жеңбейтін дерт болмас.

Гүлшат ТЕЛИБАЕВА, «Алтын алқалы» ана

Атырау қаласы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз