БАЛАНЫҢ САУЛЫҒЫ – БƏРІНЕН ҚЫМБАТ

Қоғам

Осынау аты жаман ауру дүние жүзін шарлағалы бері бала өсіріп отырған барша ата-анада ес болмады. Олар өздері ауырып жүрсе де: “Жаратқан ием, бала-шағама жар бола гөр. Ауру-сырқаудан аман сақташы!” – деп жалбарынумен болды. Мен де сондай анамын. Жеті ұл-қызды өмірге əкелдім. Қазіргі күнде əкелері Исатай мен ата-əжесі – бəріміздің жанымыз солардың үстінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин шарасын біртіндеп ұлғайту, елдегі сақтық шараларын ұстану жөніндегі тапсырмаларымен толық келісемін. Өйткені, ауырмай аман-сау жүргеніміз өзімізге жақсы. Тағы бір көңілге медеу болары – облыс басшыларының көмекке жан-жақтан дəрігер шақыртып, жетпей жатқан қажетті дəрі-дəрмекпен толық қамтуы. Қазір, байқағанымыздай, арамызға алшаң басып кірген кесір кесел айылын сəл де болса жиған секілді.

Аллаға шүкір, осылайша біртіндеп-біртіндеп қалыпты тірлікке де енерміз, жарқын күндерімізге де жетерміз. Тек бəріміз ауызбірлікте болайық. Көп біріксе, алынбайтын асу, жеңбейтін дерт болмас.

Гүлшат ТЕЛИБАЕВА, “Алтын алқалы” ана

Атырау қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған