БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында облысымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Балаларға қуаныш сыйла!», «Детство без границ», «Жақсылық жасауға асығыңыздар!», «Подари детям надежду!» қайырымдылық шаралары биыл да өз жалғасын тауып отыр. Мәселен, «Мектепке жол -2015» акциясын іске асыру бағытында этномәдени бірлестіктердің қолдауымен әлеуметтік-қамқорлық іс-шаралары ұйымдастырылып, балаларға 220 000 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, «Иверия» грузин, «Еділ-Жайық» қарақалпақ, «Татулық» татар-башқұрт, «Былина» орыс этномәдени бірлестіктерінің бастама көтеріп, өзге де облыстық Ассамблея мүшелерімен бірге аз қамтылған жанұялардың балаларына киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы да басқа әлеуметтік көмектер көрсетті. Сондай-ақ, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі әр аптаның қасиетті жұма күндері кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз