БАЛАБАҚША КЕЗЕГІНЕ ОНЛАЙН АРҚЫЛЫ ТІРКЕЛІҢІЗ!

 

 

Балабақша кезегіне тұру мәселесі оңтайлы бола түспек. Жаңа сайттың көмегімен балаларды балабақша кезегіне онлайн тіркеу жүргізіледі. Бұл өз кезегінде қағазбастылықтан арылуға септігін тигізетіні сөзсіз. Мұндай жаңашылдық білім беру бөлімі қызметкерлері мен ата-аналарға үлкен көмек болары анық, бүгінде ата-аналар үйде отырып Қазақстан Республикасының электронды үкіметінің http://www.е.gov.kz порталы арқылы балаларын балабақша кезегіне тіркей алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуіріндегі №172 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін  мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жүргізіледі.

 

Сіздің сәбиіңіздің туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап, балаңызды мемлекеттік балабақшаға кезекке қоя аласыз. Ол үшін ата-ана өзінің сәбиінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) білсе және электрондық –цифралық қолтаңба көмегімен  «электрондық үкімет» порталында тіркелген болса жеткілікті. Egov.kz осы  қызметті пайдалану үшін, жүгінуші «электрондық қызметтер» бөлімінде жергілікті атқарушы органдардың  тізімінді « Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін  мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» таңдайды. Кейін экрандық форманы толтырады және сұранысты жолдайды. Сонан соң жүйемен құжатқа автоматты түрде қызметті тұтынушының жеке куәлігі және сәбидің жеңілдік болған жағдайда сұранысқа куәландырылған құжаттардың көшірмелерін бекіту қажет.

Қызмет пайдаланушының жеке кабинетіне балабақшаға сәбиді кезекке қою немесе себептерін түсіндірумен бас тарту туралы хабарлама келеді. Сонымен қатар, еске салатын болсақ, кезекке тұрғандар үшін (интернет арқылы және дәстүрлі тәсілімен) порталда кезектің жылжуын қараудың қолайлы қызметі қолжетімді. Ол үшін не ЭЦҚ бар болуы, не авторизацияның бар болуы талап етілмейді. Сәбидің ЖСН немесе оның тегін, атын туған күнін біле отырып, форманы толтырып және сұранысты жөнелтсе жеткілікті. Нәтиже дереу көрінеді. Қызметті «электрондық үкімет» порталының басты бетінің оң жақ бөлігінде немесе http://www.egov.kz/wps/portal/S001ChildPosition?lang=ru сілтемесі бойынша табуға болады.

Басқадай нақтылауды 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы Call – орталығына хабарласып білуге болады. Қонырау Қазақстанның барлық өңірлері үшін тұрақты телефондағыдай мобильдік телефондардан тегін болып табылады.

Атырау қалалық білім бөлімі.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз