БҰЛ – ЕЛДІҢ ҚУАНЫШЫ

Кеше Астанада өткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне қатысу менің бағыма да бұйырды. Бұл – менің Президенттің ұлықтау рәсіміне екінші мәрте қатысып тұрған сәтім.

Президент сайлауы кезінде облыстық қоғамдық штабтың мүшесі болсам да, таңертең ертесімен сайлау учаскесіне келгенде ұзын-сонар кезекте тұрдым. Менің алдымда бірнеше адам жиналып қалған екен. Бұл — сайлауға деген халықтың жоғары жауапкершілігін, саяси науқанға деген оң көзқарасын білдіреді. Қазақ жұрты өз таңдауын жасады. Кеше Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты шараны тамашалауға жиналған жұртшылықтың көңіл-күйі де өте жоғары болып, үлкен мереке ретінде өтті.

Егер әр салаға өзгерістер енгізілмесе, даму бағытымыз тоқтап қалады.  Мұны жақсы түсінген, халық қолдауын сезінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халықтың көкейінде жүрген ойларды ортаға салып, оларды шешу бағытында болашақта елді дамытуға арналған басты реформаларды атап өтіп, құзырлы органдарға нақты талаптар қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім беру мен денсаулық сақтау Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің стандарттарына сай негізделетіні туралы атап айтты. Бұл – өте дұрыс талап.

Нұрлы АЙТИЕВА, Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз