АВТОКЕРУЕН – АПАТ АЙМАҒЫНДА

Бұдан бұрын хабарланғанындай, су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтардың басына түскен қиыншылықты жүректеріне жақын қабылдаған атыраулықтардың күшімен жиналған қайырымдылық көмегі  тиелген «КамАЗ» автокөліктері жексенбі күні апат аймағына жол тартқан болатын. Үш мың шақырымдай жолды жүріп өткен  үш автокөлік  кеше Қарағанды қаласына  жетті.

Атыраулықтар жинаған күнделікті тіршілікке қажетті азық-түлік тауарлары, соның ішінде ет және балық қалбырлары, концентратты  және қоюлатылған сүттер, астық, қант, қарақұмық жармасы мен макарон түрлері, сондай-ақ, шырындар, тосаптар және таза ауыз су, бірнеше мың төсек жабындысы, жылы жамылғылар, киімдер, медициналық жабдықтар, бас киімдер мен резина етіктер апаттан зардап шегушілерге үлестірілетін болады.

 Қайырымдылық көмекке киім-кешек пен азық-түлік өнімдерін жинау одан әрі жалғасуда. Атыраулықтардың арасында қираған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге, басқа да көмек түрлерін  көрсетуге ниетті азаматтар да баршылық. Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылық бауырлар үшін көптеген еңбек ұжымдары бір күндік жалақы мөлшерінде қаржылай көмектерін де аударуда.   

Қазақстандықтар бірлігі бекем, ұйымшыл елдің халқы болғандықтан, әр атыраулық отандастарын қолдауға, достық көмек қолын созуға әркез дайын. Сондықтан да, қандайма қиындықты да бірлесіп жеңетініміз кәміл.

 

Біздің  анықтамалық

Атырау  қаласы  бойынша  қабылдау  қосындарының 

мекен-жайы:

1. Махамбет көшесі, 116/2, Жастар ресурс орталығы. Телефондар: 97-12-13, 97-12-14, 97-12-15, 97-12-16; 8-707-122-07-86.

2. Авангард, 4-1-87. Maximum заңгерлік кеңсесі, Айдос Ибраймов, тел.: 75 66 38; 50 31 42; 8 701 453 92 77; 8 777 915 65 56.

3. Яблочный өткелі, 2, Гүлбаршын, тел.: 8 701 530 66 46; 8778 703 38 46; 75 66 38.

4. Азаттық даңғылы, 74 «б», 2-қабат, 3-кабинет, Светлана, тел.: 8 701 063 87 87.

5. Шолохов көшесі, 10, «Номад» кеңсесі, ауладан кіреді (18 сәуірде ашылады).

6. Махамбет көшесі. 118 «г», 38 пәтер, тел.: Арай – 8 702 242 3841, Әлия – 8 702 616 6163.

7. Махамбет көшесі, 97 «а». Гүлхан, тел.: +7 701 554 21 54.

Құлсарыдағы қабылдау қосыны: «Элит» сұлулық салоны (1 м/а., 26 үй), Әсел,

тел. 8 701 595 55 75.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз