АУЫЛДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰЖЫМ

Индер. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгеніндей, кәсіптік білім беру жүйесін уақыт талабына сай жетілдіру міндетін абыроймен орындауды мақсат тұтып, табысты еңбектеніп келе жатқан ұйымдардың қатарында аудан орталығындағы көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжін атауға болар еді.

 

Үздік нәтижелерге қол жеткізген ұжымның тынымсыз еңбегі лайықты бағасын алып, «Ұлттық бизнес орталығы» тәуелсіз сараптама ұйымының жоғары марапатын иеленді. Білгеніміздей, аталған республикалық орталыққа еліміз бойынша 100-ге тарта колледждің жұмыстары жайында ақпараттар жолданған. Жан-жақты жүргізілген сараптаулардың нәтижесінде жоғарыда аталған Индер ауданындағы көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәния Байқадамова «Үздік ұйымдастырушы», бас есепші Сара Үдірова «Үздік есепші-аудит», оқытушы Қайырғали Таудаев «Шебер маман», оқу орнының басшысы Бағытжан Құнас «Үздік жетекші» атанған. Ал, колледж «Жаңашыл білім ордасы» номинациясында жеңімпаз танылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз