АТЫРАУЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР — АЛДА!

Өткен 4-8 қыркүйек күндері Орал қаласында «Достық-Дружба» атты волейболдан 1998-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир ұйымдастырылды.  Оған Ресей мен Қазақстаннан 9 бен 18 жас аралығында барлығы жүзге тарта спортшы қатысты.

 

Жетінші мәрте өткізіліп отырған жарысқа елімізден тек үш-ақ команда – Орал қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы және өзіміздің Атырау қаласының командаларына қатысу бақыты бұйырды. Айта кету керек, атыраулық жасөспірімдердің волейбол құрамасы биыл ғана шілде айында облыстық волейбол клубы жанынан ашылған болатын.

Әрине, халықаралық маңызы бар жарыста оза шабу оңай шаруа емес. Бірақ, намысты қолдан бермеуге тырысқан атыраулық құрама Астана және Ресей қалаларынан қатысқан спортшыларды тізе бүктіріп, үшінші тұғырға көтерілді. Бұл жеңіске облыстық волейболдан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Нұрлан Қайырлиев пен қосалқы жаттықтырушы Ерлан Бектілеуовтердің сіңірген еңбегі зор.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Сурет автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз