Жарнама
Қоғам

Атырауда жастарды еңбекке баулуға бағытталған жоба жүзеге асты

Атырау қаласында «Жолашар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және «APEC Training Centre» компаниялар тобының қоғамдық қорының қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған жұмысшы мамандықтарымен таныстыру экскурсиясы өтті. «APEC» оқу орталығында қолға алынған іс-шарада жас буынға дәнекерлеу, ағаш және металл өңдеу, құрылыс, электр мамандықтары бойынша тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

Бұл бастама биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылып отыр. Экскурсия барысында балалар өндіріс орындарын аралап, кәсіби жабдықтармен танысып, мамандармен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.

Жобаның негізгі мақсаты – жас буынды еңбекқорлыққа, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға ынталандыру және техникалық бағыттағы кәсіптердің беделін арттыру.

–Бүгінгі экскурсия жастарды жұмысшы мамандықтарының маңыздылығымен таныстыруға бағытталды. Біздің мамандар балаларға өз тәжірибесін көрсетіп, олардың қызығушылығын арттыруға тырысып жатыр. Осындай іс-шаралар арқылы болашақта елдің өндіріс саласында еңбек ететін жас мамандардың қатарын көбейтуге үлес қосамыз, — деді жоба үйлестірушісі Гүлнәр Әбдуллина.

Басқосу соңында қатысушыларға оқу орталығының мүмкіндіктері мен кәсіптік білім алу бағыттары таныстырылды.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button