Атырауда үйге оралуына бір ай қалған сарбаз қайтыс болды

jvr6t5isaaueruhzq50b Қоғам

Атырау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген маңғыстаулық сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К

Қайғылы оқиға туралы маңғыстаулық блогер Бибігүл Рамазан жазды. Бір айдан кейін үйіне оралуы тиіс болған сарбаздың денесі әскерден табытпен келді.

«Ақтау қаласынан Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен 2003 жылы туған Нұрбек Ерғалиев сарбаз үйіне бүгін табытпен оралды. Оқиға Атырау облысында 20-16 әскери бөлімде болды. Жас сарбаз бір айдан кейін үйіне оралуы керек екен. Жақындары марқұм сарбаздың көлікпен шекараға кетіп, көлік бұзылып, далада адасып өлгені туралы хабарлады», — деп жазды Бибігүл Рамазан.

Қайғысы оқиға туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау облыстық департаментінің қызметкерлері аталған оқиғаны растап ештеңе айтпады.

«Өкінішке қарай қазіргі уақытта ешқандай ақпарат бере алмаймыз» деді департамент қызметкері.

Сәуір айында Ақтау қаласынан әскерге аттанған Әлібек Қалбай он күннен кейін Отарда қайтыс болған еді. Әскери бөлімнің басшылығы марқұм сарбазды сапта тұрғанда құлады деп түсіндірді. Сонымен бірге, маусым айында Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген түркістандық сарбаз өзіне қол жұмсап қайтыс болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз