Жарнама
Қоғам

Атырауда білім саласының 300 маманы сыбайластыққа қарсы форумға қатысты

«Сыбайластыққа қарсы мәдениет: білім ұяларынан бастау алатын игі қадам» атты форумға мектеп басшылары, есепші және материалдық базаға жауапты мамандардан құралған 300-ге жуық адам қатысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

gluster 2025 9 25 fe7c2723629f50723f2ae79d27d4d22d 1280x720

— Бұл іс-шара сыбайластықтың алдын алу, бұрынғы қателіктерді қайталамау және заңға енген жаңа өзгерістерді мамандарға түсіндіру мақсатында өтуде. Парақорлыққа қарсы күрес — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Адалдыққа тәрбие балабақша мен мектептерден басталады, — деді Атырау қалалық Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.


Форумда бірқатар спикер баяндама жасады. Олардың қатарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОБ департамент басшысы Нұрлан Еркебаев, “АзияСервис” ЖШС маманы Әли Жапар, Тексеру комиссиясының мүшесі Жанат Дауылбаев, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Салтанат Төлепова, сондай-ақ “Білім-Инновация” қорының өкілі Самат Смақов бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button