Атырау университетінде жаңа аудитория ашылды

6f814955 657a 4516 934e 4e91a99734d8 Қоғам

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде көптілді білім беру факультеті шетел тілі кафедрасының ұйымдастыруымен доцент Ғаппар Темірғалиев атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараны аталған оқу орнының басшысы Саламат Идрисов ашып, ұстаздың сан қырлы қызметіне тоқталып, болашақ ағылшын тілінің мамандарын даярлауда ардагер ғалымның атқарған істері еш ұмытылмайтынын жеткізді.

8a3d50a5 8601 4f2f bc0a e93b9c0730b2

Ал, филология ғылымдарының докторы Қадір Жүсіп ұстаз жайлы естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды өлеңін арнаса, Атырау облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Мадина Ғабдусалимова ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

– Бүгін өткенге оралып, өлгенді тіріліткен күн деуге болады. Ғаппар ағамыздың ортамыздан кеткеніне 25 жыл өтіпті, сол кезден бері талай рет қолға алынған бұл жұмыс бүгін, міне, өз дегеніне жетті. Осыны ұйымдастырған сіздерге алғыс айтамын,- деді М.Ғабдусалимова.

Халық ағарту ісінің үздігі Ғаппар Темірғалиевтің өлшеусіз еңбегін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ашылған аудиторияда ғылыми-әдістемелік еңбектері, жарық көрген мақалалары орналастырылған.

Айта кетейік, жиынға Ғ.Темірғалиевтің жанұясы, шәкірттері, ардагер ұстаздар қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз