Астанада Атырау облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

foto m ra attan alyindyi Қоғам

Астанадағы «Қазақстан» спорт кешеніне қарасты көлік тұрағының маңайында 25-26 тамыз күндері ауылшаруашылық өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтеді.

????????????????????????????????????

Бұл жолы оған Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласының ұжымдары 12,5 тонна картоп, көкөністер мен бақша дақылдарын, 10 тонна ет және 2,5 тонна сүт өнімдерін апарады. Мәселен, «Карат» және «Асыл агро» кәсіпорындары 3 мың тонна консерві, шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» серіктестігі 60 мың тауық жұмыртқасын ұсынады.

Өңір балыққа бай болғандықтан, жәрмеңкеге 20 мың тонна су маржаны қойылады. Балық өңімдерін облыстың ірі өндірушілері ұсынатын болады. Олардың қатарында Атырау қаласындағы «Амангелді» және «Тілекші» өндірістік кооперативі, Құрманғазы ауданына тиесілі «СевҚазКаспий» ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны бар. Сонымен бірге,  сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен арнайы концерттік бағдарлама күтіледі.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз