«АСТАНА» ҰПАЙ АЛДЫ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында «Астана» клубы түркиялық «Галатасарайды» қабылдаған болатын. Тартысты өткен ойында отандастарымыз тартысты ойын өрнегін көрсетті, матч тең аяқталды. Есеп – 2:2.

 

Есепті түркиялықтар ашты. Бірінші таймның 31 минутында Біләл Киса алыстан бағыттаған әдемі соққысы  арқылы ерекшеленіп, кездесудің алғашқы кезеңі түркиялықтардың пайдасына аяқталды. Ал, екінші таймның 77 минутында түрік командасының ойыншысы Хакан Балта өз қақпасына гол соғып алса, 86 минутта қақпашымыз Ненад Эрич те қателік жіберіп, қарсыласты алға шығарып жіберді. Ойын аяқталуына санаулы ғана минуттар қалғанда Роджер Каньяс айып алаңының сыртынан баспен соққы жасап, есепті теңестіре білді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз