ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!..

Ардагерлер қандай құрметке де лайық. Осы орайда «Уорли Парсонс Қазақстан» компаниясының соғыс ардагерлерінің қажетті дәрі-дәрмектерін тегін алуға үш жылдан бері жағдай жасап келе жатқандығын атап өткен жөн.
«Компания жылына 150-дей зейнеткерімізді баспасөз құралдарына тегін жаздырып келеді. Бұдан басқа азық-түлік купондарын таратып, қажет жағдайда ардагерлерге көлікпен де көмектесіп отырады»,-дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов.

Тағы бір айта кетерлігі, «Аджип ҚКО», «НКОК» компаниялары облыс ардагерлері үшін жылына көптеген сауықтыру орындарына тегін жолдама ұсынып келеді. Мүмкіндігі шектеулі онға жуық соғыс ардагері үшін қомақты қаржылай көмек көрсеткен «Синопэк – инжинеринг», «Атырауэнергетика кешені» компаниялары, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы, «АМӨЗ» ЖШС, «Темірбанк» филиалы және «Ақ жол» партиясының облыстық бөлімшесі ұжымына қарттарымыз дән риза. «Бастысы, компаниялар бейбіт өмір сыйлаған аға буынға үнемі азаматтық көзқарас танытуда» деп ризашылық білдіреді ардагерлер ұйымы. Осындайда ардагерлерге қолдаудың тек мерекемен ғана шектелмегеніне қуанасыз.

Б. АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз