ҚАРТТАР ШАХМАТТАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Аудан орталығы Миялы селосындағы спорт және дене шынықтыру кешенінде «Қазан – қайырымдылық айлығы» акциясына орай қарт адамдар арасында олардың денсаулығын жақсарту, өмірге деген құлшынысын ояту, ақыл-ой өрісін шынықтыру, сергектіктерін қалыптастыру мақсатында шахматтан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

 

Оған Көздіқара, Ойыл, Жангелдин ауылдық және Миялы селолық округтерінен ойыншылар қатынасты. Жекелей сында өткен жарыс қорытындысы бойынша көздіқаралық еңбек ардагері, зейнет демалысындағы дәрігер А.Сақтағанов 1-орынды, ойылдық еңбек ардагері Т.Қаматов 2-орынды жеңіп алды. Ал, жангелдиндік ардагер мұғалім Е.Әбиев пен көздіқаралық ардагер Р.Сисенбаев 3-орынды өзара бөлісті. Жеңімпаздар дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз