
Ардагерлердің айбыны: Атырауда әскери рухтағы сайыс өтті
Республика күніне орай әскери-патриоттық бағыттағы мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға өңірдегі түрлі ардагерлер ұйымдарының командалары қатысып, сайысқа түсті.

Жарысқа қатысқан командалар қатарында «Атырау облыстық Ауғанстан ардагерлерінің Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің командасы, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командасы, «Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының командасы мен «Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің командасы болды.
Сайыс аясында қатысушылар әскери дайындық пен ұйымшылдықты көрсетіп, патриоттық рухтағы сайыстарда бақ сынады.
Салтанатты бөлімде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Эльдар Шынғалиев ұлық мерекемен құттықтаса, отставкадағы полковник Альберт Жақияев пен подполковник Асқар Шманов та ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, жастарға патриоттық тәрбиенің маңызына тоқталды. Іс-шара барысында бірқатар ардагерлер мен әскери қызметкерлер марапатталды.
Рита ӨТЕУҒАЛИ



