АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРЫСЫ

Әлихан Бөкейханов – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған Алаш ұлт-азаттық қозғалысының  негізін қалаушы және жетекшісі. Оның туғанына 150 жыл толуына орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Алаштың ұлы жаршысы» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталды. 

 

Көрмеге  Әлихан Бөкейхановтың «Таңдамалы» жинақтары,  сонымен бірге Ғ.Ахмедовтың «Алаш «Алаш» болғанда» (1996), Д.Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет» (2002), К.Адырбекұлының «XX ғасыр: Соңғы репрессия» (2006), Ж.Нұрмаханованың «Маңғыстау деген бұл аймақ» (2012), О.Жүністегінің «Ел мен жер» (2014), М.Қойгелдиевтің «Тарих – күрес алаңы» (2015), Е.Тілешов пен  Д.Қамзабекұлының  «Алаш қозғалысы» (2004) атты кітаптары қойылды.

 Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз