АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Тұрғындардың мұң-мұқтажына жете көңіл бөліп, олардың мүмкіндігінше шешімін табуына ықпал ету мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалында жергілікті басқарма басшыларының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізді.

 

Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әлия Әмірованың айтуынша, қабылдауға келген азаматтардың көбі тұрғын үй жөнінде көмек сұрайды. Соның ішінде Қазыбаев атындағы мектеп-интернатының түлектері Сәния Тайжанова және Елена Ерімбетова үй кезегінде тұрғандарын алға тартып, баспана беруді жеделдетуге қолдау болса деген ниетте келіпті. Бұл сауалдарға жауап берген мәжілісмен Майра Айсина үй өз кезегімен берілетінін айтып, олардың реттік нөмірлері де жақындап қалғанын жеткізді.
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар өзгеден көмек күтетіні рас. Оларға қолдан келгенше демеу болу – сауапты іс. Осы орайда қабылдауға келген зейнеткер Балжан Төлемісова үш баласы бірдей мүгедек екенін алға тартып, екінші топтағы мүгедек баласы Рустем Төлемісовті Израильде емдетуге квота сұраса, қала тұрғыны Ақмарал Құсайынова он бес жасар қызы Мербаева Ангелинаның туа бітті мүгедек екенін алға тартып, «бауырын емдету үшін Алматы қаласындағы клиниканың біріне жолдама берілсе» дейді. Сондай-ақ, мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрай келгендер де болды. Тұрғындардың мұқтажымен танысқан депутат М.Айсина әрқайсысының арыздары қаралып, оның орындалысы жөнінде жергілікті орын басшыларына ұсыныс берілетінін айтты.

Алтыншаш
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз