АЙМАҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ

Газет оқырмандарының бірі ретінде «Ел және Елбасы», «Ұлт жоспары», «Ұрпақ», «Білім», «Қоғам», «Ұлағат», «Руханият» (өзім осы рубрикалар аясында жарияланған мақалаларды іздеп отырамын) айдарлары арқылы білім мен біліктілігімізді арттырып отырған осы басылым деп сеніммен айта аламын. Сонымен қатар, «Атырау» газеті көкейкесті тақырыптарда «дөңгелек үстелдер», пікірталастар ұйымдастырып, қалың бұқараның ой-пікір, ұсыныстарына да кеңінен орын беріп отырады. Бұл орайда біздің институт мамандары да ондай өрелі пікірсайыстарға белсенділікпен қатысып, тұрақты түрде мақала жолдап тұрады.

Өз басым, әсіресе, білім мен тәрбие берудің жаңаша әдістері, мұғалім беделін арттыру хақындағы ойлы дүниелердің жиі жарияланып жүргеніне қуаныштымын. Соның ішінде «Шаңырақ» арнайы қосымшасы мен «Отбасы – қоғамның іргетасы» айдарында шыққан мақалалар, очерк, суреттемелерді жібермей оқимын.

Сенімді сырласыма айналған байсалды басылымның алдағы уақытта да халық арасындағы беделі биік, абыройы асқақ болуын, журналистерге тың шығармашылық табыстар тілеймін.

Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз