ӘДІЛБЕК АЛҒАН АСУЛАР

Жастайынан спортқа еліктеп өскен Әділбек мектепте оқи жүріп күрес тәсілін үйренуді көп армандайтын. Ол туып өскен Қоныстану ауылындағы Жаңашаруа орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жарасқан Ізмұханов ауыл жастарын спортқа баулумен қатар, Әділбектің де талабын шыңдауға өз үлесін қосып, оны шымыр да қайсар жас етіп тәрбиелей білді.

Сөйтіп, ол алғаш рет ауыл, аудан, кейін облыс көлеміндегі жарыстарға қатысып, жүлделі оралды. Өзінің туған ауылының абыройын асқақтатқан Әділбек Айтқалиұлы Ақтөбе қаласында өткен жас барыс турнирінде 1 орынды, Жаңаөзен мұнайшыларының кубогында 2 орынды, студенттер арасындағы жарыста 1 орынды, Астанада өткен Балуан Шолақтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған турнирде 3 орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал жақында Қызылорда облысында өткен   республикалық жарысқа барып, 60 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Осы орайда, інісінің жеңісіне әркез ұйытқы болып, тілегін тілеген ағасы Роберт Қасымғалиұлының да еңбегі зор.

Бүгіндері Ақтөбе қаласындағы  C. Бәйішев атындағы колледжде оқып жүрген жас палуанды бапкері Бақтыбай Қисықов алдағы өтетін жарыстарға әзірлеуде.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз