«АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛА ДЕГЕН…»

Өңіріміздің бас басылымы – «Атырау» газетінің өткен бір сандарында Ағиба Қатешованың осы тақырыптағы жазбасы жарық көрді.
Автор баян қылып отырған тақырып ешқашан күн тәртібінен түспек емес. Себебі, бала – біздің болашағымыз. Оны жарық дүниеге әкелу үшін анасының дені сау болуы, қоршаған ортаның ластануы сынды бірнеше факторлармен қатар, соңғы кезде бұл бағытта жиі қолданылатын ЭКО, суррогат ана сынды жайттарды да сөз қылады.

Тоғыз ай бойы тар құрсағында әлдилеген бөбегінің іңгәсін ести алмастан бақилық болған аналар, кемтар болып өмір есігін ашқан сәбилер мәселесі ешқашан елеусіз қалмауы тиіс. Отбасын құру сынды өмірлік маңызды қадамға бала көтергеннен кейін ғана лажсыз баратын жастарымыз, не болмаса ойнап жүріп от басып, кейін жасанды түсік жасататын бойжеткендеріміздің бар екені қынжылтады. Сондықтан, осы секілді бұқара үшін тиімді әлеуметтік жазбаларды көбірек берсеңіздер екен деген тілегімді жеткізгім келеді.

Сәуле Әбілғазина,
мұғалім,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз