АДАМНЫҢ БАҚЫТЫ – СЕНІМГЕ ИЕ БОЛУ

Қадірлі Бақтықожа Салахатдинұлы!
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегенділігі нәтижесінде көп ұлтты Отанымыз тарихи өлшеммен алғанда қас қағым сәт болғанымен, Тәуелсіздіктің 22 жылында бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған асыл мұраттарына қол жеткізді. Төрткүл дүниеге танылған қуатты экономикасы, орнықты саяси жүйесі, мызғымас шекарасы, ұзақ мерзімді даму стратегиясы, әлемге айтар салмақты сөзі, үлгі тұтар өнегесі бар мемлекет қалыптасты. Білік пен білім, ынтымақ пен татулық нәрімен нұрланатын жеті қазынамыз бар Мәңгілік Ел болдық. Осы жолдағы тынымсыз еңбектің қайнаған ортасында Елбасының сенімді сардары – Сіздің де үлесіңіздің бар екендігін біздер, исатайлықтар, мақтан тұтамыз.

Қасиетті Нарын құмында туып, Ақ Жайықтың кәусарына қанған Сіз үшін Атырау өңірінің қай қиыры болса да таңсық емес. Сондықтан да болар, аймаққа басшы болып келгелі ел аралап, халықпен жүздесуді, ой-пікірлерін тыңдап, туындаған мәселелерді оңтайлы шешуді жұмыс кестеңіздің басты қағидаты ретінде ұстанып келесіз. Оның айқын көрінісін біздің ауданнан да аңғаруға болады. 2013 жылы 7 балабақша жөндеуден өтті, Х.Ерғалиев ауылы, Тұщықұдық селосы көшелерінің қатқыл табанды жолдарын күрделі жөндеу басталды, Исатай селосында амбулатория салынды. Алдағы жылдары аудандық мәдениет үйі мен 280 орындық балабақша салынбақ, басқа да әлеуметтік мәселелер шешілуде.
Сіздің, құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы, республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі еңбегіңіздің жоғары бағаланып, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталуыңызбен қуана құттықтап, сан салалы қызметіңізге табыс тілейміз.

Исатай аудандық және селолық ардагерлер кеңестерінің төрағалары: Т.Қизатов, Т.Маштахов,
С.Нығметжанов, Қ.Қаюмова, М.Балпанов,
Ғ.Есмағанбетов, Қ.Көпбергенов, У.Адилов,
ауданның Құрметті азаматтары: Ж.Беркалиев,
С. Дауылбаев, Қ.Мағазов, еңбек ардагері Ш.Сыдихов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз